Бос орынға конкурс жариялау!!!
Бос орынға конкурс жариялау!!!
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің № 52 бастауыш мектебі» КММ КОНКУРС жариялайды:
📌Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы 22 желтоқсан 2022 жылғы №513 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
📌Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz" ,мектебіміздің ресми сайтына және hr-nobd.edu.kz сайттарында жарияланады.
📌Конкурс төмендегідей бос орындарға жүргізіледі:
1) Дене шынықтыру нұсқаушысы
📌2025 жылы сәуір айының 15 – 24 күндері аралығында мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізеді.
📌Конкурс өткізілетін орын:
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің № 52 бастауыш мектебі» КММ мәжіліс залы
📌Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы Целиноград 34, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің № 52 бастауыш мектебі» КММ. Анықтама байланыс телефоны: 52-78-49.
Мектептің ресми сайты:
📌 Негізгі функционалдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді;
білім алушыда педагогке құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтің аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы үндеу немесе "мұғалім/мұғалім"тікелей үндеуі арқылы іскерлік қарым-қатынас стилін және сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады;
білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады;
білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады;
пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлімге жиынтық бағалау және тоқсанға жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
бөлім үшін жиынтық бағалауды және түсініктемелермен тоқсан үшін жиынтық бағалауды жүргізу қорытындылары бойынша талдау жүргізеді;
журналдарды толтырады (қағаз немесе электронды);
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелі-белсенділік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оларды оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес толық көлемде іске асыруды қамтамасыз етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерделейді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерделейді;
инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттілігін ескере отырып оқу бағдарламаларын бейімдейді;
арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
интерактивті Оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып сабақтарды қашықтықтан ұйымдастырады;
әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қауымдастықтардың отырыстарына қатысады;
ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
ата-аналарға кеңес береді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін сақтайды;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.
📌Еңбекке ақы төлеу мөлшері, шарттары белгіленген бос немесе уақытша бос лауазым атауы:
1) Дене шынықтыру нұсқаушысы – 0,75 жүктеме 90 000 - 110 000 аралығы
📌 Біліктілік талаптары:
1) "педагог":
оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс;
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;
білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;
кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;
2) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:
оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымы, аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болуы немесе кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болуы;
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігінің жалпы талаптарына сәйкес келу, бұдан басқа:
ұйымдастырылған оқу қызметін, оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларын меңгеру;
білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын сындарлы түрде айқындау;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейіндегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, облыс деңгейіндегі конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болуы;
облыстың, елдің телевидениесінде трансляциялау үшін енгізілген бейне -, телесабақтар дайындау (Бар болса);
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;
білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
📌Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175 /2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагогмодератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагогмодератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагогшебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) passa; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720x480.
14)Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми /академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады