""Педагогтардың кәсіби өзін-өзі тану мен өзіндік дамуы" » НШ №52
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№25 Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 52-78-49
Есепші бөлімі:
+7 (707) 518-02-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ""Педагогтардың кәсіби өзін-өзі тану мен өзіндік дамуы"
08
маусым
2017

""Педагогтардың кәсіби өзін-өзі тану мен өзіндік дамуы"

Баяндама

Тақырыбы: «Педагогтардың кәсіби құзырлығын дамытудағы                                               

                             әдістемелік қызметтің рөлі»

Байдаулетова А.И.

   Біз даналықты үш жолмен    үйренеміз:

       Ойлану - ең ізгі жол;
       Еліктеу – ең жеңіл жол;
       Тәжірибе жолы – ең ауыр жол.
                                                                                   Бенедикт Спиноза

Балабақшада қолдануға тиімді технологиялардың түрлері

     -Денсаулық сақтау технологиясы;
   -Дамыта оқыту технологиясы;
   -Қатынастық-ақпараттық технология;
   -Ойын технологиясы;
   -Триз технологиясы;

   -Монтессори технологиясы және т.б.

1. Денсаулық сақтау технологиясы.
       
Денсаулық сақтау технологиясының  

  мақсаты: Баланың денсаулығын 

  нығайтуға,білім дағдыларын 

  қалыптастыруға бағытталған. Мектепке  

  дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары,  

  баланың денсаулығы мен оның дене  

  бітімінің қалыптасыуна үлкен үлес қосады.

Денсаулық сақтау педагогикалық   технологиясы мына төмендегілермен

              тығыз байланыста болады:
     -Мектепке дейінгі мекемелермен.
     -Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы.
     -Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы.
     -Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар.
     -Педагогтың кәсібі құзіреттілігі.
     -Балалардың денсаулық көрсетілімі.

Денсаулық сақтау технологиясы мынадай топтарға   жіктеледі:
            
Әдістемелік-профилактикалық: медбикенің жетекшілігі мен медициналық талаптардың нормасына байланысты. Медициналық құралдарды    қолдану және балалардың тамақтануын қадағалау, алдын алу іс-шараларын

 жүргізу. Сауықтыру-шынықтыру: бұл балалардың денсаулығын     нығайтып,

 шынықтыруға бағыттау. Физикалық  дамуының сапасын жақсартуда шынықтыру, тыныс алу жаттығулары жатады.

Баланың әлеуметтік-психологиялық сәттілігін қамтамасыз ету.
   
• Денсаулықты сақтау және денсаулық нығайту.
    • Педагогтардың денсаулық мәдениетін дамытуға бағыттау.Сонымен қатар   

     мәдени кәсіби денсаулық.

    • Салауатты өмір салтына қажеттілікті дамыту: денсаулықты сақтау және оған жағдай жасау (спорттық және қимылды ойындар технологиясын қолдану ,

     көзге арналған және тыныс алу жаттығулары т.б.)

    • (динамикалық үзіліс, релаксация, ритмопластика)
    • Білім беру:
    • Мектепке дейінгі баланың мәдени денсаулықтарын тәрбиелеу.
    • Оқытуда және тәрбиелеуде жекешілдікке оқытуға тұспалдау.
    • Салауатты өмір салтын үйрету. Денешынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметі техникасын қолдану,  қатынастық ойындар, кедергі ойындар (ойын тренингтер, теропиялық  ойындар, өз - өзіне массаж  жасау).
             Денсаулық сақтау технологиясына сенсорлық дамыту ортасын ендіру.     

2.Дамыта оқыту технологиясы.

     Негізін салушылармен зерттеушілер: В. Давыдов, В. Занков, В. Эльконин,

   П. Эрдниев.                                                                                                                                                                                                         

    Мақсаты: Баланың жалпы жан   дүниесін, және    оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауын  дамыту. Сөздік  қоры мен сөйлеу мәдениетін

қалыптастыру.

Дамыта оқыту технологиясының   балабақша жағдайында қолдануға

 болатын тиімді әдістері:
                     
1. Ой толғаныс.
                      2. Ассоциация
                      3. Салыстыру
                      4. Раунд - Робин
                      5. Топтау әдісі

 

1) Ой толғаныс әдісі немес  психология тілінде «Миға шабуыл» деп те аталады.Бұл әдіс көбіне ұйымдастырылған  оқу қызметінің тақырыбын ашуда 

   қолданылады. Мыс: Жұмбақ шешу,сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы.

2) Ассоциация әдісі Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда

     қандай ой туады соның барлығы сол сөздің жан - жағына  жазылады.

     Мысалы: «ЖАЛПЫ ОТБАСЫ» Ата, әже, әке, ана, аға,  әпке, іні. 3) Салыстыру әдісі Бұл әдісте балалар объектілер арасындағы ұқсастық 

     пен айырмашылықты анықтайды.Мысалы: Алма және қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығы.

4) Раунд - Робин әдісі. Бұл әдіс өткен немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін қолайлы тәсілдердің бірі.  Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы  бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс. Мыс: «Гүлдер» тақырыбында
    - Гүл өсімдік
    - Гүл әдемі
    - Гүлді жұлуға болмайды
    - Анамызға сыйлаймыз
    - Достарымызға сыйлаймыз т. б.

5) Топтау әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай    алатындай топтық тапсырма беріледі.
     Мыс: «Пішіндер» тақырыбын өткенде
    І топ – Үлестірмелі картадағы бейнеленген суреттерден геометриялық пішіндерді тауып, көрсету, атын атау.
     ІІ топ - Жіпті пайдалана отырып әртүрлі пішіндерді жасау.
     ІІІ топ - Санағыштан үшбұрыш пен төртбұрышты құрастыру.

3. Ақпараттық –қатынастық   технологиясы.

 Ата аналарының өскен ортасынан заманауи бала  түбегейлі бөлініп тұрады. (қазіргі кездегі компьютерлерді қолдану технологиясы)

    Ақпараттық технологиялар – анимацияларды,  фильмдерді тұсаукесерлер слайдтарын қолдану  үйретілетін құбылыстарға балалардың белсенді   танымдық қызығушылықтарын танытуға  мүмкіндік береді.

Қоғамдық ақпарат педагогтар мен балалар   алдында мынандай міндеттер қояды:  Міндеттері:
   -жаңа заманға қадам басу;
  -жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу;
  -компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау;
  -Ақпараттық мәдениетті жеке тұлға  қалыптастыру;
  -педагогтардың профессионалдық деңгейін  және ата –аналардың құзыреттілігін көтеру.

Бағдарламаны жіктеу
  -ойлау, есте сақтау қабілеттерін    дамыту;
  -шет тілінде сөйлейтін сөздік;

  -қарапайым графикалық редактор;
  -ойын-саяхаттар;
  -оқуды, математиканы үйрету.

4.Ойын арқылы оқыту  технологиясы.

         Мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық,  әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық  механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі.Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде  кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана  қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.

Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. 

    Қазіргі кезде оқу үрдісінің тиімділігін арттырып, балалардың белсенділігін көтеру мақсатында ойын әдісі  төмендегі бағытта қолданылып жүр:
  - оқу пәнінің бір тақырыбын немесе бір бөлімін өткенде,   ұғымдарды меңгеру барысында өзіндік технология  ретінде;
   - барынша көлемді бір технологиялардың элементі   ретінде.

Ұйымдастырылған оқу қызметінде  қолданылатын ойындардың түрі көп, біз

   олардың балабақшаның оқу-тәрбие  үрдісіндегі ең маңыздыларын және жиі

  қолданылатындарын ғана іріктейміз. Жалпы  ойынға қарағанда балабақшадағы қолданылатын ойындардың ерекшелігі  нақты мақсаттардың және соған сәйкес  нәтиженің болуы.

             Балабақшаның оқу-тәрбие үрдісіндегі ойын технологиясының орны мен маңызын анықтау педагогтың ойын қызметін түсінуімен тікелей байланысты. Ойын технологиясының нәтижелілігі,  біріншіден, оларды қолданудың жүйелілігімен, екіншіден, дидактикалық міндеттермен  үйлестірілг ойындардың мақсаттылығымен анықталады.

5.Триз технологиясы.

   ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың  70 жылдары Генрих Саулович Альтшуллер –  өнертапқыш, жазушы-фантаст   ойлап тапқан.
  Мақсаты: Мектепке дейінгі балаларға бейімделген  ТРИЗ технологиясы баланы шығармашылық  тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның 

  бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта   отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып  шығармашылыққа баулиды.

      Триз жүйесі бойынша шығармашылық  әңгіме барысында қалыпсыз тәсілдерді  қолдану.
 
Триз технологиясының мақсаты: баланың  тілін дамыту, шығармашылық қиялын  дамыту болып табылады. Мектеп жасына  дейінгі балалардың тілін дамытуда 3негізгі  мақсат қарастырылған.

1)Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту. Айналадағы дүниені табиғатты бақылау, таныту  арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған   сұраққа жауап беруге үйрету:Заттың атын (ойыншық, гүл, жапырақ т.б) заттың сынын, сапасын, түр түсін,  пішінін білдіретін сөздерді меңгерту.  

     Заттың іс -әрекетін білдіретін (жүрді,жүгірді,келді,   келеді,епті т.б) сөздерді әрі қарай меңгерту. Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, осында, жоғарыда,

төменде) қосып айтуға үйрету.

    2)Сөз дыбыстарын дұрыс айту.  Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс

   дем шығара білуге үйрете отырып,  дауыссыз қатаң, ұяң дыбыстарды

   естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету, 3- 4 сөзден тұратын сөйлем 

   құрату.

         3) Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Күнделікті   ұйымдастырған оқу қызметінде естіген, білгенін, ойын,серуен кезінде көрген түйгенін , сурет және оқылған ертегілер мазмұнын ұнатқан ойыншықтары жайында  ауызша сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа  ертегілердің кейіптендіре білуге үйрету.

    Мысалы: «Түлкі мен ешкі» ертегісінде: Түлкінің терісі қандай?(үлпілдек) тағы нелер үлпілдек болады? (қар, шапан, тымақ,  мысықтың жүні ,кілемнің беті) Ешкінің түсі сұр болған,тағы  нелер сұр түске жатады? (сұр бұлт, сұр бас киім , сұр ішік, сұр  қоян)
   -Құдықтың суы қандай болады? –Мұздай. Тағы нелер мұздай   болады? (мұздай су, мұз, суық жел, қар, су, мұз жатады)

           Балалардың шығармашылығын дамыту  жолында:
          
-Сурет салу
           -Мүсіндеу
           -Жапсыру
          -Музыка ұйымдастырған оқу қызметтері  өткізіледі.
          Сурет салу оқу қызметінде қалыпсыз тәсілдер қолданылады.
        Мәселен: Бала сурет салуда тек қана қыл қаламмен  сурет салып қоймай неше түрлі түтікшелерді;жіптерді картоп қималарын:трафареттерді: тіс пастасы мен тіс  щеткасын,қайнатылған ас бояғыштарын қолданады.

    Мұндай қалыпсыз тәсілдерді қолдану баланың   қиялын дамытады.Өзіне-өзі риза болып одан да   керемет жұмыс жасауға талпынады.Ұйымдастырылған оқу қызметтерін кіріктірудің тиімді жағы өте  көп.  Біріншіденбала жалығып кетпейді. Екіншіден бір саладан екінші салаға ауысу арқылы олардың    қызығушылығы артады. Берілген тапсырмаларды орындау,балаларды, еркін  қиялдарға шығармашылық пен айналысуға кедергі келтіретін психологиялық селқостықты жоюға ықпал жасайды.

                                  6.Монтессори технологиясы.

           Негізін қалаған:Мария Монтессори 1870 жылы 31 тамызында

    Италияда туылып, 1952 жылы Голландияда қайтыс болды.

    Осы жылдар аралығында оның өмір жолы философиялық мәні бар,

    балалардың құқығын қорғау үшін күресі мен ұлы педагогикалық

    жаңалықтар ашуына толы болды. Ол Италияның тұңғыш әйел-дәрігері
          Мақсаты:
Балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің  

    нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу. «Өзімнің

    жасауыма мүмкіндік бер» дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу

    бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы 

   қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын  

    туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап

    іздеп табу.

      Монтессори өзінің еркіндік түсінігін   баланың үлкендердің еркіне тәуелді

    болмау деп түсіндірді. Бұл дегеніміз  баланың үлкендердің минималды көмегі арқылы өзіне қызмет етуі, жаңаны игере  білуі, маңызды шешімді өзі қабылдауы  мен баланың даралық құқығын қорғау болып табылады.

Тәртіп пен еркіндіктің үйлесімі арқылы
   
• қарапайым ережелерді сақтап тәртіпке үйренеді
    • дербестікке үйренеді
    • жан - жақты, ықыласты болады
    • саналы таңдау жасауға үйренеді
    • бақылағыштыққа үйренеді
    • өзін және басқа адамдарды қадірлеуді үйренеді
    • тұлға ретінде өзін - өзі қалыптастырады
    • сенің құқығың басқалардың құқығы басталатын жерде шектеледі
    • келісім жасасып, бірге әрекеттенуге үйренеді
    • жауапкершілікті сезінуді үйренеді

Педагогтың міндеті
  
• Ең негізгі міндеті – балаларға өзін - өзі дамыту жұмыстарында көмек беру, оның өз бетімен білім алуына жағдай жасау
    • Балаларды топта сақталатын ережелермен таныстыру
    • Балалардың іс - әрекетін бақылап, тек қажет кезінде  көмек көрсетеді
    • Дидактикалық материалдарды қалай дұрыс қолдану керектігін үйрету
    • Топтағы жағымды атмосфераны қалыптастыру,  келіспеушілікті шешу
    • Баланың әрі қарай өзін дамытуда бағыт береді

Топта сақталатын ережелер:
   • еркін жүріп тұрады
   • қолданған затын ескертусіз жинап орнына  қояды
   • қажет кезде тәрбиешіден көмек сұрау
   • үлкен балалар жаңа келген балаларды үйретеді
   • жіберген қателіктерін тауып оларды түзетеді
   • бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізу
   • басқа балаларға бөгет болмау
   • тыныштықты сақтайды

Мария Монтессори өсиеттері
♦ Қандай жағдай болмасын, бала өзі көмек сұрағанша оған тиіспе
♦ Ешқашан бала туралы жаман айтпа, баланың көзінше, және ол болмағанда да.
♦ Баланың жақсы қасиеттерін дамытуға бағыттал, сонда жаман қасиеттер біртіндеп азая түседі
♦ Танымдық ортаны дайындағанда белсенді бол. Әрқашан оны талаптар мен ережеге сай дайында. Баланың бұл орталықта дұрыс іс - әрекет жасауына көмектес. Әр дамыту материалының орнын және оны қалай дұрыс қолдану керектігін көрсет.
♦ Сенің көмегіңді қажет ететін балаға көмектесуге және оның  сұрақтарына жауап беруге дайын бол.

Қате жіберіп алып оны қазір немесе сәлдең соң түзете алатын баланы 

    қадірлей біл. Бірақ баланың іс - әрекеті немесе материалды дұрыс

    қолданбаған жағдайында, өзінің немесе басқа балалардың денсаулығына,

    дамуына қауіп төндіретін болса жұмысты тоқтат.
♦ Демалып отырған немесе біреудің жұмысын бақылап отырған, немесе 

    қандай іс - әрекет жасағанын әлде жасайтынын ойлап отырған баланы

    қадірлей біл. Осы сәтте оны ешқашан басқа әрекет жасауға мәжбүрлеме.
♦ Немен айналысатынын білмей, іс - әрекет түрін іздеп жүрген балаға

    көмектес.
♦ Балаға жаңаны игеруге, бұрын бас тартқан материалдарды қалай дұрыс

   қолдану керектігін көрсетуден жалықпа. Қоршаған ортаны мейіріммен,

   шыдамдылықпен, тыныштықпен, қайырымдылықпен, махаббатпен толтыр. 

   Ізденіс үстіндегі балаға өзіңнің көмек көрсетуге дайын екеніңді көрсете біл, 

   және басқа балаларға оны білдіртпе.
♦ Баламен қарым - қатынаста тек жақсы әдеп - қылықтарыңды көрсет және

    өзіңдегі ең жақсы қасиеттеріңді ұсын.

Монтессори жүйесінің оқыту құралдары

 

          Монтессори әдістемесі әрбір   тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге

    негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен  бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен ұйымдастырылған оқу қызметі ұзақтығын  әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым  мен ырғақта дамиды.

      Жаттығулардың негізгі мақсаты:баланы қоршаған ортаға деген жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. 

Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулардың түрлері:
    
1.Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құю.
      2.Металды тазалау.
      3.Кесілген гүлдерді күту жолдары.
     4.Бір сызықтың бойымен жүру.
     5.Тыныштандыру жаттығулары.
    6.Қоғамдық өмірге қатысы бар жаттығулар. Материалмен жұмыс жасау жолдары: лейка суға толтырылады.Мұғалім лейканы қолына алып жоғары көтереді. Ыдысқа суды құяды. Лейканы қайтадан   үстел үстіне қойып,  ыдыстағы суды қайтадан лейкаға құяды.Төгіліп қалған суды   сүртіп отыру қажет.

       Сезім мүшесін дамытатын материалдар: әр сезім мүшелерін дамытуды ұсынады.Бұл материал арқылы заттардың көлемін, түсін, өлшемін, дыбысын ажырата алады. Жеңілден ауырға көтеру ұғымы қолданылады. Бала моторикасы мен сенсорикасын жаттықтыру үшін материалды қайталауға тура келеді. Материалды қолданған соң бала жоспарлау, дайындау, бір   тапсырманы соңына дейін орындауға тырысады. Бірақ  ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде бала сол материалмен  жұмыс жасау жолын толығымен таныс болу керек. Мұнда жұмыс барысында балаға сөз беріледі.Тапсырманы орындай 

   алмайтындарға қайтадан тағы бір ұйымдастырылған оқу қызметін өткізу керек. Алған білімін бекітіп, содан кейін жаңа ұйымдастырылған оқу қызметі өтілуі керек.

                     Ұйымдастырылған оқу қызметі 3 құрылымнан тұрады:
1. Көлемін анықтауға арналған материалдар;
2. Бір сызықтың бойымен жүру;
3. Тыныштандыру жаттығулары;
Ұйымдастырылған оқу қызметі балаға өзін-өзі танытуға талпындырады.
1.Көлемін анықтауға арналған материалдар.Ойынның түрі «Қызғылт башня»
Керекті құралдар: «Қызғыл башня» 10 шаршыдан құралады (ауыр ағаш, қызғылт түс) шаршының мөлшері 1см-ден 10 –смге дейін барады.
Мақсаты: үлкен, кішкентай түсініктері қалыптасады.Моторикасын дамытады. Жас мөлшері 3 жастағы балалар.
Материалмен жұмыс жасау жолдары:кілемнің үстінде шаршылар шашылып жатады.Тәрбиеші баланың алдына ең үлкен шаршыны қояды, ал бала сондай шаршыны сол шаршының үстіне қою керек.
1.Затты дұрыс атауға үйрету.
2.Заттың атына тауып бала сол затты алып келеді.
3.Затты атап жаттығады.

Математикалық материалдар ойлау қабілетінің дамуына көп септігін тигізеді. Бала ең алғашқыда көптеген заттар мен жұмыс жасау арқылы өз білімін жетілдіреді. Монтессори материалы сезімді дамытады, оған қоса математика әлеміне жетелейді. Бала мұнда математикалық ұғымдарды тез игереді.Сан және онға дейін санау жүйесін тез игереді.  Математикалық монтессори материалы баланы сенсоматорлық ішкі қажеттілігіне сүйене отырып қанағаттандыру жолдарын іздеуге тырысады. Математикалық материалды пайдалану жүйесін білген соң, түрлі қиын тапсырмаларын қиындықсыз орындайды

          Мысалы:ашық түсті моншақтарды пайдалану арқылы сан құрамы  мен пішін туралы түсініктері пайда болады.

         Ойынның аты:«С

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив