13
маусым
2017
шағын орталық балаларының жан-жақты дамуына жағдай жасау
Шағын орталық балаларының дене бітімінің жан-жақты дамуына жағдай туғызу
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 52 бастауыш мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2014-2015 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес
2015 жылың 15 қаңтардағы №15 бұйрықтың негізінде 15-26 қаңтар аралығында № 52 бастауыш мектептегі шағын орталық балаларының дене бітімінің жан-жақты дамуына жағдай туғызу барысы тексерілді.
Қазақстан Республикасының Заңы Дене шынықтыру және спорт туралы № 228 бұйрығы негізінде жүргізілді.
Бала тәрбиесінің міндеттері
Бала ағзасының нәзіктігіне, оның бойы мен ағза дамуының теңсіздігіне, біркелкі еместігіне қарай отырып, өмірінің алғашқы жылдары сауықтыру міндеттерін енгізу зор маңызға ие болады.
1) Өмірін қорғау, аурумен күрес, шынығу, қоршаған ортаның кері әсерлерінен ағзаның қарсылығын жетілдіру.
2) Барлық ағза жүйесінің уақытылы, жүйелі дамуын, оның қызмет мүмкіндігінің кеңеюін, омыртқасы мен табандарының дұрыс пішінінің, жылдамдығын, ептілігін, төзімділігін дамытуды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Дене тәрбиесінің мазмұны
Жасына лайықты қимыл – қозғалыс ерекшеліктермен оған деген қажеттілікті ескере отырып, алғашқы жылы дене тәрбиесінің арнайы құралдарын қолданады.
Бала дене тәрбиесінде, әсіресе өте жас кезінде күн режимі басты маңызға ие болады. Күн режимін сақтау (жүйелі сергу, ұйқы, тамақ т.б.) баланың ырғақтылығын қамтамасыз етеді, жүйке жүйесін әлсіреуден сақтайды. Күн режимінің тәрбиелік маңызы да зор: белсенділікті, дербестікті, үлгерушілікті арттырады.
Бала даму үшін санитарлық тазалық құрылымы да зор мәнге ие. Тәртіп пен тазалықты ұстану, бөлменің ауасын, жарығын, жылылығын реттеу, дұрыс киіну – дене тәрбиесіндегі ең басты нәрсе.
Бала ағзасын шыңдауда табиғат әсерлері де кеңінен қолданылады, олар: ауа, су және күн. Әр баланың жеке бас ерекшелігіне байланысты шыңдайтын процедураларды жүйелі қабылдау жүйке жүйесін нығайтады, бейімділікті арттырады, аурудың алдын алуға көмектеседі.
Шағын орталық бойынша 7 топта 243 бала тәрбиеленуде.
І кіші топтар «Балапан», «Бөбек», ІІ кіші топ «Балдырған» топтарында А.П. Туғанбаева «Денсаулық» білім саласы бойынша дене шынықтырудан дене шынықтыру жетекшісі болып, жұмыс жасайды.
І кіші топтарда дене шынықтырудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті аптасына 2 рет өткізу ұзақтығы 10-15 минут. І жарты жылдықта ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде топты екіге бөліп өтсе, ІІ жарты жылдықтан бастап барлық топты бірге алып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өтеді.
ІІ кіші топтарда дене шынықтырудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті аптасына 2 рет өткізу ұзақтығы 15-20 минут.
ІІ кіші топ «Балбөбек» тобы, ортаңғы «Балауса», «Ботақан»,ересек «Күншуақ» топтарында Ж.С.Каниева «Денсаулық» білім саласы бойынша дене шынықтырудан дене шынықтыру жетекшісі болып, жұмыс жасайды.
ІІ кіші топта дене шынықтырудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті аптасына 2 рет өткізу ұзақтығы 15-20 минут.
Ортаңғы топтарда дене шынықтырудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті аптасына 2 рет өткізу ұзақтығы 20-25 минут. Ересек топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті аптасына 2 рет өткізу ұзақтығы 25-30 минут.
Осы топтардың барлығында «Балалардың өмірін қорғау мен денсаулығын нығайту» технологиялық картасы, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің кестесі, айлық жоспарының технологиялық картасы толығымен жазылып бекітілген. Күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталарын тексертіп, бекіттіріп отырады.
Таңғы жаттығу –шағын орталықтағы ең маңызды сауықтыру шараларының бірі. Ол ағзаның белсенділігі мен жұмысқа қабілетін арттыруға арналған. Төменгі топтарда оның ұзақтығы – 5-10 мин. Ортаңғы, ересектер тобында 12 – 15 мин. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе (жүру түрлері), негізгі (негізгі бұлшық ет бөлімдерін дамыту жаттығулары), қорытынды (қарапайым жүру). І кіші «Балапан», «Бөбек», ІІ кіші «Балдырған» топтарында таңғы жаттығуды күнделікті кесте бойынша топ бөлмесінде дене шынықтыру жетекшісі А.П. Туғанбаева өткізеді. ІІ кіші «Балбөбек», ортаңғы «Балауса», «Ботақан»,ересек «Күншуақ» топтарында таңғы жаттығуды күнделікті кесте бойынша музыка залында дене шынықтыру жетекшісі Ж.С.Каниева өткізеді.
Дене тәрбиесі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті – оқу-тәрбие жұмыстарының ең негізгі түрі болып есептеледі. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты – жаңа қимылды үйрену, бұрынғы өткендерді бекіту, дене қимыл қозғалысын тәрбиелеу. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімінде жүру, жүгіру, би жаттығулары жасалынады. Негізгі бөлімде негізгі қимылдар мен қозғалыс ойындары сияқты жалпы дамытушы ойындар ойналады. Қорытынды бөлімде бәсең қимылды ойындар немесе қарапайым жүру орындалады.
Дене шынықтыру жетекшілері А.П.Туғанбаева мен Ж.С. Каниева ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің кестесі бойынша күнделікті дене шынықтырудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізеді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін құрылымы бойынша екі дене шынықтыру жетекшілері де толығымен жүргізе алады. Бірақ әлі де тәжірибелері жетіспейді көп ізденіп, көп дайындалу керек.
Дене шынықтыру жетекшісі Ж.С. Каниева ортаңғы «Балауса», «Ботақан» ересек «Күншуақ» тобының ата-аналарымен «Әкем, шешем және мен» эстафеалық жарысын ұйымдастырып, өткізді.
Дене тәрбиесінің мезеті – тіл дамыту, математикалық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде зейінді аудару үшін қажетті ақыл-ой жұмысын арттыру үшін қолданылады. Ол шаршаудан сақтайды, 2-3 жаттығумен 2-3 минут созылады.
Қимыл-қозғалыс ойындары күнделікті серуен кезінде орындалады. Олар қозғалыс белсенділігін арттырып, көңіл-күйді жақсартады, ерік-жігерді шыңдайды. Балалар жылына 22-25 жаңа ойындармен танысады.
Дене тәрбиесі демалысы айына 1-2 рет төменгі топтарда 20-30 мин, ортаңғы, ересек топтарда 45-50 минуттан өтеді. Бұл жерде дене тәрбиесі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен айырмасы еркін қимыл қарастырылған, ол үшін көңілді эстафеталар өтеді.
Дене тәрбиесі мерекелері жылына екі рет ортаңғы ересектер топтарында өтеді. Оған балалар алдын ала дайындалып, үйренген спорт ойындарын, жаттығуларын, билерін пысықтайды. Мерекеде соларды ортаға салады. Ұзақтығы 1-1,3 сағат.
Балалардың дербес қимыл қызметі күннің әр түрлі уақытында жасалады: таңертеңгі асқа дейін, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті арасында, күндізгі, кешкі серуенде, түскі ұйқыдан кейін. Ол тәрбиешінің бақылаумен жүзеге асады. Оның түрлері мен ұзақтығы балалардың қабілеті мен қажеттіліктеріне байланысты.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдістемесінің ерекшеліктері.
Дене тәрбиесін оқыту әрбір жастағы топтарға арнайы дайындалған түрде беріледі. Кіші топтардағы тапсырмалар баланы қызықтыратындай болуы керек, яғни нәтижесі көрінуі қажет. Бала қызығуын арттыру үшін халық ойындарын қолданған дұрыс. Кіші топтарда үйрету өзіндік ерекшелікке ие. Балалар үлкен төзімділік көрсетіп, қимылды есте сақтауға тырысады. Сондықтан дене шынықтыру жетекшісі тапсырманы аса жақсы түсіндруі керекі.
Жоғарғы ересек топтарда дене шынықтыру жетекшісі жаттығуды әрдайым орындап, көрсете бермейді. Үйрету өткен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімен, салыстыру, талдау, талқылау арқылы түсіндіріледі. Бұл топтарда көбінесе дербес жұмыс істеткен жөн.
Музыкамен өткізілген ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балалардың ынта – ықыласын арттырады және баланың темппен ырғақты қабылдауына көмектеседі.
Дене тәрбиесі құзіреттілігі салауатты өмір салтын ұстану ниеті мен қызығушылығының артуына байланысты — қажетті гигиеналық шараларды, күн тәртібін орындау, қимыл-қозғалыс белсенділігін реттеу, қозғалысын жетілдіру сияқты әрекеттерден көрініс береді.
Ұсыныс: Дене шынықтыру жетекшілерін білім жетілдіру курстарына жіберіліп тұрса;
Дене шынықтыру жетекшілері мен тәрбиешілер балаларға жас ерекшеліктеріне
сай қимылды ойындарды үйретсе;